Қазақша ашылып сайрау

Қазақша ашылып сайрау

Коммунистік режим құлағаннан кейін арада 30 жыл өткенде бұрынғы Совет Одағының алыстағы ауылдарындағы адамдардың өмірі қалай өзгерді? Қазақша ашылып сайрау пьесасында осындай ауылдардың біріндегі қарапайым фермердің жаңа экономикалық тәртіппен, жаңа биліктің номенклатура өкілдерімен жағыз өзінің бетпе-бет күресі суреттеледі. Бұдан не шыққанын біз аталған шығарманы оқып біткеннен соң білеміз. Бұл драма 2017 жылы Астанада өткен Рух халықаралық әдеби конкурсының Гран-приіне ие болған-ды. PDF-формат издания не отображает используемый в <span style="color: rgb(0, 0, 0);">в книге </span>шрифт.

Жанр: Пьесы и драматургия
Цикл: Не является частью цикла
Год публикации: 2020

Читать онлайн Қазақша ашылып сайрау


Синопсис

Белгілі қазақ жазушысы, драматургы Серік Асылбекұлының пьесалары Қазақ және Қырғыз академиялық драма театрларының сахналарында 1990 жылдан бастап табыспен қойылып келеді.

Оның сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Қазақша ашылып сайрау» деп аталатын бұл пьесасы Қазақстанның астанасы Астана қаласында 2017 жылы өткен «Рух» атты Халықаралық әдеби конкурсында «Үздік драматургиялық шығарма» номинациясы бойынша бас жүлдеге (Гран-при) ие болған.

Аталған шығармада жергілікті бюрократиямен куресте өзінің бұрынғы ауылдас таныстары мен жора-жолдастарының арасынан өзіне жақтас ешкімді таба алмай күйзеліске түскен қарапайым фермердің басындағы жалғыздық кәдімгі өмірден алынған шынайы коллизиялар арқылы нанымды бейнеленеді.

Енді осындай әлеуметтік психологиялық тығырыққа тірелген кейіпкер «Осы өмірдің мәні неде сонда?

Не үшін тіршілік етіп жүрміз? Бірін-бірі реті келсе алдау мен арбауға дайын тұратын шындықтың ауыр жолымен жүргеннен гөрі өтіріктің өрге бастырған оңай жолмен жүргенді жөн көретін саяси-әлеуметтік жүйеде өмір сүрудің, бақытқа ұмтылудың, шынайы махаббатқа іңкәр болудың қажеті бар ма өзі?» деген секілді сонау Адам ата мен Хауа анадан бері адамзаттың соңынан бір қалмай келе жатқан мәңгілік сауалдарға жауап іздеп, алас ұрады.

Иә, ол сұрақтарға әркімнің беретін өз жауабы бар, тіпті соған берер дайын жауабымыз болмағанының өзінде саналы индивид болып жаратылған соң бұл сауалдардан түптің түбінде ешқайсымыздың да қашып құтыла алмасымыз анық.

Ендеше осы бір мәселелер төңірегінде «Қазақша ашылып сайрау» пьесасының бас кеіпкері Көмекбаймен бірге біз де толғанып көрелік, қадірлі оқырман мен көрермен.

Қазақша ашылып сайрау

(Екі актілі, алты көріністі комедия)

Негізгі кейіпкерлер:

Көмекбай – шаруа, жасы 44-45-терде

Рысты – Көмекбайдың әйелі, жасы 42-43-терде

Зибаш – дүкенші келіншек, 35-тер шамасында

Ермек – Көмекбайдың көршісі, 45-46-лар шамасында

Әлайдар – Көмекбайдың мектепте бірге оқыған сыныптасы

Жанайдар – Әлайдардың төртінші сыныпта оқитын ұлы

Учаскелік полиция инспекторы – жасы 32-33-терде

Бірінші акт

№ 1 көрініс

Түс қайтқан мезгіл. Жұмыстан оралған Көмекбай адымдай басып, өзінің ауыл шетіндегі арзан қам кірпіштен салынған, ескілеу, шатырын күн едәуір жеп тастаған шиферлармен жабылған үйіне келіп кіреді. Дәліздің табалдырығынан аттай бергенде ол есік алдында тұрған шоқ самаурынның кернейіне сүрініп кетіп, құлап қала жаздайды. Керней Көмекбайдың екпінімен қаңғыр етіп, есік пен төрдей жерге домалап түседі. Дәліздің бүгіндікке жиналмағаны көрініп тұр: екі-үш үлкенді-кішілі пластмасса леген, су тасуға арналған сырты кірқожалақ темір фляға, осы үйдегі жандардың сыртқа киетін аяқкиімдері еденде қалай болса, солай шашылып жатыр. Бұл көрініс онсыз да іші алай-түлей болып, сіркесі су көтермей келе жатқан Көмекбайдың одан сайын жынын қоздырады.

Көмекбай. Мыналарды неге жинамаған-әй?! Әрдайымғылары осы, жау тигендей жайрайды да жатады бұл үйдің іші.Ырысты-Ырысты! Ырысты деймін!..

Көмекбай аяқкиімдерін дәлізге қалдырып, үйдің ішіне енеді. Төргі бөлмеден бет-жүзі сәл-пәл ісіңкі тартып, басындағы гүлді жібек орамалы желкесіне қарай әнтек қисайып кеткен Көмекбайдың Құдай қосқан қосағы Ырыстының басы қылтияды.

Рысты. Не боп қалды?

Көмекбай. Қайда жүрсің?

Рысты. Қайда жүргені несі? Осы үйде де. Жаңа ғана қисая қойып ем, кішкене көзімнің шырымын алайын деп…

Көмекбай. Сенің-ақ әйтеуір ұйқың қанбайды. Дүниені топан су қаптап келе жатса да саған бәрібір, пырылдап ұйықтай бересің. Күн кеш болған жоқ па, тамақты қашан асасың, шайды қашан қоясың? Бері кел, сөйлесетін әңгіме бар.

Рысты. Айта берсеңші…

Көмекбай. Бері кел дедім ғой мен саған!..

Рысты. Ойбай, Құдай-ай, келіп тұрмыз ғой енді!..


Вам будет интересно
1986 жылдың желтоқсанында Совет Одағының бұрынғы республикалардың бірінде СССР деп аталатын әлемдік державаларлың бірінің құлауының ең алғашқы жаршысы болған айтулы оқиға болды. Осы сәттен бастап қазақ қоғамы әрқайсысы өз мүдделері мен идеалдарын қызғыштай қорғаған екі бітіспес лагерьге бөлінеді. Пьесада сол кездегі әлгі екі лагерьге бөлінген азаматтардың ерікті және еріксіз түрде өз құлқы мен мінезін, сезімін жалаңаштап тастауына мәжбүр еткен сол бір түннің оқиғасы суреттеледі. 1998 жылы Тараз ...
Читать онлайн
Белгілі қазақ жазушысы, драматургы Серік Асылбекұлының пьесалары 1990 жылдардан бері Қазақ және Қырғыз академиялық драма театрларының сахналарында табыспен қойылып келеді. Оның Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Күзгі романс» атты туындысына 2005 жылы Қазақстан республикалық конкурсында бас жүлде берілген. Бұл өмірде адамдар нені көксейді? Әрине, әркім ең алдымен тіршіліктен өз бақытын іздесе керек. Ал бақыт дегеніміз не өзі? Жұмыр басты пенде шіркін оған қайткенде қол жеткізбек? Әлде бі...
Читать онлайн
Аталған пьесада бұрынғы Совет Одағы деп аталатын алып империяның бір бөлшек сынығы болып табылатын Қазақстанда алғашқы кездері жабайы капитализм ретінде көрініс тапқан экономикалық, қоғамдық әлеуметтік трансформацияның бұрынғы совет адамдарының құндылықтар жүйесін астан-кестен еткен қым-қиғаш өзгерістері бейнеленеді. Бұрынғы мызғымастай көрінген социалистік моральді енді нарықтық экономиканың ақша мен капиталға табынған мінез-құлқы алмастырады. Сүйтіп қоғамда осы өзгерістерге тез бейімделгендер ...
Читать онлайн
Марина Королёва – журналист и филолог, радио- и телеведущая, автор нескольких бестселлеров о современном русском языке. Роман «Верещагин. Кончерто гроссо» был впервые опубликован в 2012 году в издательстве «Астрель» (редакция Елены Шубиной), тогда же получил премию Роспечати «Лучшая книга, написанная журналистом – 2012». В новую книгу "Верещагин и другие", кроме романа, вошли пьесы разных лет: «Тополь. Хроники радио» (2006), «Ник» (2007), «Узел» (2019). Какую цену готов заплатить человек за любо...
Читать онлайн
А что бы случилось в гоголевской пьесе "Ревизор", если бы сбылась розовая мечта чиновников – ревизор забыл бы туда дорогу навсегда? Действие начинается с того, что ревизор, о котором уже все стали забывать, умер. Больше не надо бояться, что тебя посадят или отправят по этапу, вроде как на город махнули рукой. Но чиновники и жители начинают деградировать и мутировать, оказывается, на то и кошка, чтобы мышки не спали. Всех захватывает одна мысль – нужен новый Ревизор! Это их спаситель! Только вот ...
Читать онлайн
Главный герой Адам, попадает в рай, куда он не ожидал попасть. После он встречает Архангела Михаила, который его встретил не просто так. Архангел рассказывает, что существует мир, где обитают разные существа, а правителем мира является Скелли. После разговора Адам оказывается в том мире, где его ждут новые знакомства и опасности....
Читать онлайн
Печальная комедия о людях пенсионного и предпенсионного возраста. Бывшие циркачи, бывшие музыканты, бывшие передовики производства и вдовы дипломатов. Договорятся или нет? Содержит нецензурную брань....
Читать онлайн
«Пародист» – вторая пьеса в сборнике Евгения Водолазкина «Сестра четырех».По пути из загородного дома в город погибает известный петербургский пародист. Спустя три года начинается странное выяснение обстоятельств его смерти. В ходе следствия обнаруживается, что любовь порой живет меньше трех лет, что пародист – профессия опасная, так как удваивает сущности, а перемещения в пространстве – это в конечном счете движение по кругу…...
Читать онлайн
В книгу вошли две знаменитые комедии Д. И. Фонвизина «Бригадир» и «Недоросль», а также прозаические произведения: «Всеобщая придворная грамматика», «Рассуждение о непременных государственных законах» и «Чистосердечное признание в делах моих и помышлениях».Для старшего школьного возраста....
Читать онлайн
Чрезвычайно влиятельная организация существует в середине XIX века в американском городе Балтимор. Она называется «Пушечный клуб», и члены этого клуба способны на многое. С помощью гигантской пушки они готовы отправиться за пределы атмосферы и облететь кругом спутник Земли....
Читать онлайн
Книга содержит практические рекомендации по защите прав и законных интересов при производстве по делам об административных правонарушениях в сфере закупок товаров, работ, услуг для обеспечения государственных и муниципальных нужд. Рассмотрены составы административных правонарушений в сфере закупок, приведены правовые позиции и правовые подходы, разработанные высшими судебными органами (КС России, ВС России, ВАС России), изложены мнения соответствующих ведомств (Минэкономразвития России, Минфин Р...
Читать онлайн
Все, что представляет себе романтичный читатель при имени «Грин», есть в этой ранней новелле: хмельная морская романтика, загадочная девушка в странном доме, психологические поединки сердец…«Ночь мчалась галопом; вечер стремительно убегал; его разноцветный плащ, порванный на бегу, сквозил позади скал красными, обшитыми голубым, клочьями…»© FantLab.ru...
Читать онлайн
«– Садитесь, поговорим, – ласковым голосом сказал Геник, подвигая стул очень молодой девушке, на вид не старше семнадцати лет. – Мне поручено объясниться с вами и, что называется, – во всех деталях.Гостья застенчиво улыбнулась, села, оправляя коричневую юбку тонкими, слегка задрожавшими пальцами, и устремила на Геника пристальные большие глаза, темные, как вечернее небо. Геник мысленно побарабанил пальцами, оседлал другой стул и спросил…»...
Читать онлайн