Тау мен теңіз ертегілері. Үлкен краб

Тау мен теңіз ертегілері. Үлкен краб

Кітапта автор ежелгі қытай аңыздарына сүйене отырып, қазіргі заман талабына сай ертегілерді баяндайды. «Тау мен теңіз ертегілері» топтамасы балаларға арналған оқиғаларды баяндап қана қоймай, сонымен қатар кішкентайларға ертегі арқылы негізгі құндылықтарды жеткізуге назар аудартады.

Бұл кітапқа «Шуху», «Үлкен краб», «Хэло балық», «Цяочуй», «Тұт ағашы» және «Өгіз» атты ертегілер топтастырылған.

Кітап ертегісүйер кішкентай оқырмандарға, сондай-ақ қытай халық аңыздарына қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналады.

Жанры: Сказки, Зарубежные детские книги
Цикл: Не является частью цикла
Год публикации: 2025

Читать онлайн Тау мен теңіз ертегілері. Үлкен краб


АЛҒЫ СӨЗ


Сяо Мао ұстаз өзім ұнататын балалар әдебиеті жазушыларының бірі. Ол маған «Балалықтың фотосуреттері», «Күндіз қандай болады?», «Шабарман» сынды бірнеше шығармасын ұсынып еді. Мен оларды Weibo-ның «Балалар кітабы» сайтына шығарғанмын. Сяо Мао маған сыйлаған әрбір кітабына «Балалар оқуы – барлық оқудың негізі», «Жұмыр басты пенденің бәрі махаббат пен арман қуған тұлпарлар», «Қызықты кітаптар оқып, көңілді адам болайық» және т.б. нақыл сөздерімен қолтаңба жазып беріп отырды. Оның әдеби шығармашылығы мен оқу туралы ойларын осыдан толық байқауға болады.

Жақында «Минтянь» баспасының редакторы Сяо Мао мырзаның жаңа кітабының баспадан шығатыны туралы айтып, менің сол кітапқа алғы сөз жазып беруімді өтінген болатын. Мен кітаптың «Тау мен теңіз ертегілері» деген ерекше атауын естігенде, қауырт жұмысымды қайырып қойып, бірден келісімімді бердім.

«Таулар мен теңіздердің классикасы» (Шань хай цзин) – Қытайдың Цинь дәуіріне дейін жазылған ежелгі кітабы, еңбекте негізінен география, табиғат байлықтары, наным-сенімдер, бақсылық пен мифтер, сондай-ақ ежелгі тарих, медицина, әдет-ғұрып, халықтар, т.б. туралы мағлұматтар топталған. «Таулар мен теңіздердің классикасы», «Теңізді толтырған Цзинвэй», «Күнді қуған Куафу» сияқты таныс мифтер мен әңгімелер ғана емес, сонымен бірге кітапта біз көп біле бермейтін тамаша таулар мен өзендер, сиқырлы жаратылыстар туралы айтылады.

«Таулар мен теңіздердің классикасы» көне тарих пен географияны, жергілікті ерекше өнімдерді зерттеуге мол деректер береді. Сондай-ақ кітапта сөз болған фантазиялық сипаттағы, таңғажайып миф-аңыз ертегілер әдеби шығармашылыққа құнды элементтер беретін кеніш саналады. Ол балалар әдебиеті шығармашылығы үшін де үлкен мүмкіндік бере алады. Қазіргі заманғы қытай әдебиетшілері «Таулар мен теңіздердің классикасындағы» жер-су атаулары, өсімдіктер, құбыжықтар сияқты өкілдік элементтерге негізделе отырып, оларды әдеби туындыларға айналдыру сынды жаңғырту жұмысын жүргізіп келеді. Жақында Қытайда жарық көрген «Қайта оралған батыр» және «Құбыжық аңдар» дейтін танымал екі фильм де «Таулар мен теңіздердің классикасы» атты шығарма мазмұны негізінде жазылғанын білеміз.

Сяо Мао ертегілерінде «Сяо Маоның өзіне тән ерекшеліктері бар» деген пікірді жиі естиміз. «Тау мен теңіз ертегілері» топтамасына келер болсақ, одан да сол ерекшеліктерді кездестіреміз.

«Таулар мен теңіздер классикасы» Сяо Маоның хоббиі делінеді. Ол «Таулар мен теңіздер классикасының» көптеген нұсқасын жинап, сақтап келеді. Демек, ондағы мәтін мен иллюстрациялар оған үлкен ой салып, шығармашылық шабыт сыйлағаны даусыз. Сяо Мао «Таулар мен теңіздер классикасын» дәстүрлі мәдениеттің мәйегі деп санайды. Қазіргі кезде ол соны пайдаланып, кәдеге жаратып отыр. Автор Қытай балаларының қазіргі шынайы өмірін «Тау мен теңіз ертегілеріндегі» қиялмен тығыз қабыстырып, шындық пен фантастиканы, бүгінгі өмір мен көне дәстүрді, классика мен заманауи стильді біріктіріп, жаңа ертегілер құрастырды. Оның бұл шығармашылық қадамы бізді қуантып отыр.

Мысалы, Сяо Мао «Таулар мен теңіздер классикасында» айтылатын башэ (bаshе)1 пілді жеп, сүйегін бірнеше жылдан кейін шығарып тастайды деген аңызды негіз ете отырып, үш жылан туралы ертегі құрастырып шықты: онда Вэйвэй деген кішкентай башэнің И-имен үйленіп, өздігінен жүріп-тұра алмай қалған кәрі башэге қамқор болғаны баяндалады. Кәрі башэ өлер алдында оларға «піл жемеңдер» деп өсиет айтып кетеді. Кішкентай башэ оның өсиетін тыңдамай, пілді жұтып қояды. Бұл қызықты оқиға желісіне құрылған шағын ғана ертегі болғанымен, онда терең философиялық ой мен үлкен мән жатыр.

Айта кету керек, «Тау мен теңіз ертегілері» топтамасы балаларға арналған оқиғаларды баяндап қана қоймайды, сонымен қатар балаларға ертегі арқылы негізгі құндылықтарды жеткізуге назар аудартады. Ертегілерде ақиқат, ізгілік, сұлулық ұғымдары өте тамаша тоғысқан. Мысалы, «Отшашар» деген ертегіде әкесі отшашарға «Сен киіміңді, шұлығыңды, аяқ киіміңді түгел шешіп жалаңаштанып, құралсыз, тамақсыз табиғат аясына барып, ағаш пен шөпті қорек етіп, жабайы аңдармен (егер жабайы аңдар болса) дос бол» дей отырып, оған табиғатпен үнемі байланыста болу керек екенін ескертіп отырады. Сяо Мао осы арқылы балалардың табиғатқа етене жақын өскенін, «табиғат тапшылығы бұзылуы» синдромынан зардап шекпесе екен деген арман-тілегін білдіреді. Тағы бір мысал ретінде көрсетер болсақ: Сяо Мао өзінің «Хужэнь» деген ертегісінде «Қиял, мейірімділік, әділеттілік, жаратылыс, уақыт… таңғы шық, шырт ұйқыда көрген түс, гүлдердің жұпар иісі… осылардың бәрі-бәрін ешкім бағаламайтын деңгейге жетті. Бұл адамды қатты алаңдатады және ой салады» деген сөздерді әженің аузына салып береді.


Вам будет интересно
Бұл кітапта Қытайдың ежелгі аңыздары бүгінгі заман талабына сай, жаңа нұсқада көркемдік тілмен баяндалған. Автор балалардың қазіргі шынайы өмірін қиялмен тығыз қабыстырып, шындық пен фантастиканы, қазіргі өмір мен көне дәстүрді, классика мен заманауи стильді біріктіріп, жаңа ертегілер құрастырған.«Тау мен теңіз ертегілері. Юйминь елі» кітабында «Цинфу», «Бо-и», «Отшашар», «Юйминь елі», «Фэн Бо үңгірі», «Тулибэн» деген алты ертегі топтастырылған.Кітап кішкентай оқырмандарға, сондай-ақ қытай халық...
Читать онлайн
Бұл кітапта автор қытай халық аңыздарын қазіргі кезеңге сай құрастырып, заманауи ертегілерді жазып шыққан. Оқырманды өзіне тарта түсетін ертегілер қызықты оқиғаларға құрылып, көркем тілмен баяндалған.«Тау мен теңіз ертегілері. От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong)» кітабында «Чжун Ли», «Фэйхуан (Ұшатын жылқы)», «Динлиндер», «Шань Гао», (От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong), «Мақтаншақ», «Бучжоушань тауы Q нұсқасы», «Янхого елі» атты сегіз ертегі топтастырылған.Кітап кішкентай оқырмандарға, сондай-ақ қытай халық ...
Читать онлайн
Бұл кітапта автор қытайлықтарға тән ежелгі ертегілерді жаңаша құрастырып, жаһандық тақырыптарды кеңінен қозғайды. Ертегі фантастикалық әрі өміршеңдікке ие, сонымен қатар қызықты оқиғаларға бай. Ертегі заман талабына сай жаңа нұсқада көркемдік тілмен баяндалған.«Тау мен теңіз ертегілері. Отқоректі құбыжық» кітабында «Желаяқ Шухай», «Мигоухуа гүлі», «Ергежейлі», «Отқоректі құбыжық», «Башэ», «Албастының сұңқылы» деген алты ертегі топтастырылған.Кітап кішкентай оқырмандарға, сондай-ақ қытай халық ер...
Читать онлайн
Вера в чудеса живёт в каждой душе.Сказки этого сборника обращены любящей бабушкой к внуку и внучке – значит, ко всем детям. Они об отношении к жизни, окружающему миру, о том, что немало зависит от нас самих.Младшие школьники на страницах книги встретятся с известными персонажами, познакомятся с необычным взглядом на мудрые пословицы. Ребята постарше найдут пишу для воображения и рассуждения, внимательнее присмотрятся к явлениям жизни.И какая же сказка без настоящей дружбы, любви к природе и всем...
Читать онлайн
В этой книге ты найдёшь истории мальчиков, которые тоже о чём-то мечтали. Кто-то из них живёт в знакомом тебе мире, а кто-то – в мирах магических, в которых ты никогда не бывал. Ты узнаешь, как все эти мальчики, преодолевая трудности на своём пути, осуществили все свои мечты.Как и герои историй, ты поймёшь, что нет такой мечты, которую нельзя исполнить. Если верить в себя и свои способности, которые делают тебя уникальным, у тебя будет много возможностей достичь любой цели. Не отказывайся от сво...
Читать онлайн
Привет! Знаешь, а ты чудесная девочка.Ты – особенная. Во всём мире, среди миллиардов людей нет другой такой! Ты умная, смешная, смелая и уникальная. Никогда не забывай об этом. Ты несёшь в мир свой неповторимый свет. И только тебе известно, как ярко ты можешь сиять…Эта книга познакомит тебя с девочками, которые каждый день проходят через то же, что и ты. Они чего-то опасаются, переживают, и не всё у них получается с первой попытки. Однако они усердно трудятся, делают выводы из своих ошибок и про...
Читать онлайн
В данный сборник вошли известные произведения российского издателя и литератора Василия Алексеевича Лёвшина (1746–1826): волшебно-рыцарские сказки о русских богатырях: «Повесть о Алеше Поповиче – Богатыре, служившем князю Владимиру», «Повесть о славном князе Владимире Киевском Солнышке Всеславьевиче и о сильном его могучем Богатыре Добрыне Никитиче», «Повесть о Тугарине Змеевиче» и сказки на сатирико-бытовую тему: «О племяннике Фомке», «О цыгане», «О воре Тимоне»....
Читать онлайн
Сказочная повесть о тринадцатилетней девочке, забредшей в зачарованный лес и о том, к чему её в итоге привела эта дорога....
Читать онлайн
В мире, где современность стремительно теснит традиции, особое место занимают произведения, способные сохранить дух народной культуры. Сказки и притчи– это не просто увлекательные истории; они являются носителями глубокого смысла и отражением уникальных обычаев наших предков и знаний.В сказах нет пересказов старинных легенд, автор создает новые сказания, наполненные актуальным смыслом и ценностями. Эта книга поможет читателям увидеть связь между прошлым и настоящим.Одной из особенностей является...
Читать онлайн
Этот сборник стихов и прозы посвящён лихим 90-м годам прошлого века, начиная с августовских событий 1991 года, которые многое изменили и в государстве, и в личной судьбе миллионов людей. Это были самые трудные годы, проверявшие общество на прочность, а нас всех – на порядочность и верность. Эта книга обо мне и о моих друзьях, которые есть и которых уже нет. В сборнике также публикуются стихи и проза 70—80-х годов прошлого века....
Читать онлайн
Это уникальное издание представляет собой самое большое в мире (на момент публикации) собрание наиболее распространенных заблуждений современного человека о великих и знаменитых людях прошлого. В книге собраны современные мифы об отечественных и зарубежных правителях, полководцах, героях, ученых, религиозных лидерах и деятелях искусства. От Адама и Евы до Карлоса Кастанеды! Удивительные, неожиданные, потрясающие сведения в стиле ЖЗЛ (Жизнь замечательных людей)!...
Читать онлайн
Когда я пришла на фитнес с опухшей губой, Арина сразу всё поняла. – Кто с тобой это делает? – сердито спросила она. – Никто. Упала, выпила лишнего, – добавляю с неестественным смешком. – Не ври, Ева, ты не пьешь. У меня папа генерал, давай ему всё расскажем? Он накажет твоего обидчика! Что-то я сомневаюсь, что её высокопоставленный папочка станет марать руки, спасая меня от Андрея. Это, право, даже смешно. Арина очень наивна. Но она мне искренне нравится. Спасаясь от домашнего тирана, я села в ш...
Читать онлайн
После смерти отца я жила в мире, где правила устанавливали другие. Где жизнью управляли двое – брат и его лучший друг, Адриан. Суровый, хладнокровный, всегда держащий всё под контролем. Он был моей первой любовью. И первой болью. Когда ему надоело со мной возиться, он избавился от меня как от назойливого котенка. Теперь, вернувшись домой после трёх лет в закрытом колледже, я уверена: прошлое в прошлом. Я больше не та наивная девочка, которая бегала за ним по пятам. Теперь он — просто помеха. Со...
Читать онлайн