Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары

Бұл сериялы күлдіргі ертегі. Басты кейіпкерлері Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт – үшеуі ертеден келе жатқан ажырағысыз достар. Олар бүгінгі өмірге бейімделу үшін неше түрлі кәсіпті игеруге тырысады. Бірақ бәрінде де жол-дары болмайды. Ең соңында… Иә, ең соңында өздерінің қиындықтан қорық-пайтын табандылықтарының, үздіксіз ізденіс, талпыныстарының арқасында, мақсат-мұраттарына жетеді.

Жанр: Книги для детей
Цикл: Не является частью цикла
Год публикации: Неизвестен

Читать онлайн Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары


© Кеңес Оразбекұлы, 2020


ISBN 978-5-4498-8287-5

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Кеңес ОРАЗБЕКҰЛЫ
Тел: 8 7077891693,
8 7023528156

ЖАРҒАҚБАС, ҚЫЛКЕҢІРДЕК, ШИБҰТТЫҢ

ШЫМ-ШЫТЫРЫҚ ХИКАЯЛАРЫ

(Сериялы ертегілер)
Ай қараңғысындағы оқиға




Соңғы түйенің жүгі ауыр





Сан соқтырған сазгерлер




Қазына аралында






Суреттерді салған: Құралай Үмбетова


ЖАРҒАҚБАС, ҚЫЛКЕҢІРДЕК, ШИБҰТТЫҢ

ШЫМ-ШЫТЫРЫҚ ХИКАЯЛАРЫ

(Әзіл-күлкілі сериялы ертегі)


Халық ауыз әдебиетінде «Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт» атты алақандай шағын ертегі бар екенін жақсы білесіздер. Ертегіде ерекше жаратылған үш кейіпкер түнде ұрлыққа шығады да, біреуінің – басы, екіншісінің кеңірдегі жарылып, үшіншісінің аяғы сынып, өліп қалады. Неге екенін, басталмай жатып аяқталатын бұл ертегіні балалар жақсы көреді, кейіпкерлерінің суретін салуға құмар…

Сіздерге сүйіншілеп айтатын жайымыз, қолдарыңыздағы бұл кітап балаларды сол сүйікті кейіпкерлерімен қайта табыстырғалы отыр. Яғни, автор әлгі ертегінің үш кейіпкерін жаңа сапада қайта тірілтіп, он тараудан тұратын шытырман оқиғалы, қызықты да күлдіргі хикаятқа айналдырыпты. Бұл хикаят оқырманын тек күлдіріп қана қоймай, бүгінгі әлеуметтік мәселелерді балаларға оңайлықпен түсінетіндей шеберлікпен көтеріп, жастарды мамандықтарын дұрыс таңдай білуге, ізденімпаз да талапты болуға, өмірдің уақытша қиындықтарына төзіп қана қоймай, одан шығатын жолдың бар екенін көрсетуімен де маңызды.

Тілі жеңіл әрі жатық, халық аузындағы сирек кездесетін мың иірімді қанатты сөздер мен сөз тіркестерін молынан қамтыған, оқырманын үлкен, кіші демей баурап алатын шым-шытырық оқиғалы мазмұнды шығарма.

ӘЛҚИССА

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт үшеуінің де асынып алған жол қапшықтары бар. Жарғақбастың иығында құрық, Қылкеңірдектің иығында арқан, Шибұттың иығында жүген, қолында қамшы, үшеуі көше бойлап алшаң басып жүріп келеді. Жүргені өз алдына, былайша әндетіп келеді: Бөлінбейтін үш доспыз,

Кез келген іске біз қоспыз.

Талай сыннан сүрінсек те,

Бет қайтпайтын «жылпоспыз».


Жолымызды оңғарсын!

Деп тілейміз Тәңірден.

Сәті түспей жатса да,

Түңілмейміз,

Үміттіміз өмірден!


Реніш, өкпе жоқ бізде,

Емеспіз біз ел кезбе.

Табылса егер бір жұмыс,

Жұмыламыз, біз – құлмыз! —

деп, хош көңілмен шеру құрып келеді. Жеңдерін түріп ап, «Екі қолға бір жұмыс» деп белсеніп келеді. Үшеуі бір-біріне сүйемел боп, қиындықты қайыспай еңсеріп келеді.

Ал, балалар, біз олардың қызықты шым-шытырық хикаяларын сендерге баяндап, барымызды бөліскіміз келеді.


Аттракциондағы арпалыс


Балалар, халық аузында мынандай шағын ертегі бар екенін бәрің білесіңдер:

Ертеде Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт деген үш ұры болған екен. Бір күні олар ұрлыққа аттаныпты. Көздеген жеріне жеткен соң, ауылдың жатқан-жатпағанын бақылап, шолып келу үшін, олар біреуін жібермек болыпты.

Қылкеңірдек жанындағы серігіне:

– Ал, Жареке, ауылдың жатқан-жатпағанын бақылап, шолып келу үшін бұл жолы сен барып келесің бе? – дейді.

Жарғақбас орнынан тұрады:

– Барсам барайын. – Қолындағы қапшығын Шибұттың алдына қойып, қолына түкіреді. – «Күн жаз, ет аз» деген, нартәуекел!

Ол жөнеп береді. Жота басына шыққанда, ар жағынан ауыл оттары көрінеді. Етекке түсіп келе жатқанда, оның айға шағылысқан жарғақ басын жарық көзі деп қалса керек, бір жәндік айналшықтап шықпайды. Ол айналып-айналып келіп, Жарғақбастың жылтыр басына қонады. Жарғақбас қолымен жасқап, оны ұшырып жібереді. Жәндік шыркөбелек айналып-айналып барып, Жарғақбастың маңдай тұсына тағы қонады. Басы жыбырлап, ыза болған Жарғақбас «Тпу, иттің баласы!» деп, балғадай ауыр қолымен жәндікті өлтіремін деп басына бір қояды. Шытынап тұрған жарғақ басы қақ жарылып, өзі кескен теректей «гүрс» құлап, сол жерде жан-тәсілім етеді.

– Бие сауымдай уақыт өтті. Бұл сорлы қайтпады ғой, оған не болды екен ә? – деді Шибұт тыпыршып.


Вам будет интересно
Ер, Би, Нар – бауырлар, қазіргі заман балалары. Үркерліктер оларға «Дәуір сағатын» сыйлайды. Сол «сағатпен» олар Алып Ер Тоңға, Анахарсис, Томирис, Шырақ, Сыпатай, Мөде тәңірқұт, Аттила, Тоныкөк – Күлтегін, Әл-Фараби, Қайыр хан (Отырар қорғанысы), Өтейбойдақ шипагер, Тәуке хан – Қожаберген батыр замандарына «сапар шегеді». Ата-бабаларымыздың тарихымен, өркениетімен танысып, мақтанышқа кенеледі. Өздері де тарихи, ерлік жорықтарға қатысып, отаншылдықтың үлгі-өнегесін көрсетеді....
Читать онлайн
Қайран, шіркін, балалық,(Келер ме еді оралып).Тал бойыңа сіңіпті,Ана сүтпен таралып:Риясыз аңғалдық,Кіршіксіз адалдық,Күлкі қыстар шалалық,Білім құштар даналық.Балалардың жоғарыда аталған мінез-қасиеттері осы әңгімелер жинағында толығымен көрініс тапқан. Ұстаздар мен тәрбиешілерге қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға өте ыңғайлы....
Читать онлайн
«Қанатты сөз – қазынаның» 2-кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің 700-ден аса бірлігін жинап, қамтыдық. Олардың шығып-қалыптасу тегін танымал жазушылар, этнографтар, тарихшылар мен журналистердің, тағы басқа мамандық иелерінің халық салт-дәстүрлері мен этнографиясы, тарихы мен өмір-тіршілігіне қатысты ой-түйіндеу, мысал-деректері арқылы дәлелдеп көрсетіп, әр қайсысының мағыналарын ашып, түсіндірмелерімен толықтырып отырмыз....
Читать онлайн
«Қанатты сөз – қазынаның» бұл 1-ші кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің шығып-қалыптасу тегін қарастырамыз. Қанатты сөздердің көбі халық өмір-тіршілігімен біте қайнасып, ерте заманнан келе жатқандықтан, сөз тіркестері ескіріп, ұғынып-түсінуге қиындық тудырған. Сондықтан, әр әңгіменің басында немесе соңында түсіндірмелерін де қоса беріп отырмыз....
Читать онлайн
«С ключами на резинке» – это возврат в весёлое, беззаботное детство. Книга рассчитана на молодую аудиторию. Я надеюсь, что многие узнают себя в этих историях. Каждый сможет погрузиться в своё недавнее детство. Буду рада, если книга придётся по вкусу и детям 80-х, и детям 2000-х....
Читать онлайн
Добрые, весёлые стихи расскажут ребёнку о Мире вокруг него – настояшем и сказочном. Сказки – новые и старинные в авторской обработке, Весёлые истории, Почемучки, Алфавит, Загадки, Сценарий Новогоднего утренника, сценарий представления для семейного праздника, Колыбельные…140 страниц., более 60 добрых стихов и длинных весёлых сказок в стихах – всё это понравится и вам, и Вашему ребёнку, потому что написано не просто талантливо, но с любовью. Поэзия очень важна для малыша. Только она позволит услы...
Читать онлайн
Что делать, если вдруг столкнешься с гостями из параллельного мира? Правильно! Просто помочь им освоиться на новом месте и поддержать их надежду на возвращение домой. Такая вот удивительная история приключилась с героями этого повествования, тем более, что путешественниками оказались дети....
Читать онлайн
Хвастун, лентяй и проказник Тим случайно поджёг ёлку со спящей феей. Разгневанная волшебница превращает мальчика в подобие говорящей болотной кочки. Его кожа позеленела и обросло травой, а над ушами повисла клюква. Теперь ему предстоит совершить три добрых дела, чтоб заслужить прощение. Главная беда ребёнка в том, что он не может понять, какое доброе дело порадует волшебницу. Но в волшебном лесу, куда он попадает, у Тима появляется много друзей. Праправнук Царевны-Лягушки, сын Змея Горыныча, зме...
Читать онлайн
Будущая школьница Анфиса скучает в большом городе, где взрослые совершенно не верят в волшебство. Она мечтает снова попасть на Новую планету, где они с папой когда-то пережили невероятные приключения. Видя, что папа совсем забыл об этом, девочка собирает все свои душевные силы, чтобы снова встряхнуть своего папу. И всё начинается заново…Приключение помогает Анфисе проявить свои новые качества будущей школьницы, а папе приходится снова решать непростые детские задачки....
Читать онлайн
Каждый турист в своём рюкзаке несет не только спальник, тарелку и запасные ботинки, но и множество интересных, волнующих, а порой и удивительных воспоминаний. Вместе с героями этого сборника – обычными школьниками – вы пройдёте туртропой, найдёте выход из сложной ситуации, научитесь варить походную кашу и ценить походную романтику.Приятного путешествия!...
Читать онлайн
Володя мечтал слетать к Солнцу, но понимал, что это сделать невозможно. Но вдруг девочка с какой-то неизвестной планеты приглашает его на парад звёзд. Как тут не согласиться?! Но не так уж и спокоен Космос, и детям приходится вступить в бой с пиратами. Да ещё Володя узнает, что его не хотят возвращать на Землю, а собираются оставить и учить в какой-то школе. Но мальчик рвётся домой, где у него остались папа, мама, друзья и верный пёс....
Читать онлайн
История о приключениях енота Жорика и цапли Вероники в поисках дома.По дороге друзей ждут опасные испытания и курьезные встречи, подстерегают опасности. Совместное преодоление препятствий становится для героев тестом на настоящую дружбу....
Читать онлайн
Чтобы вылечить младшего брата, искупавшегося в запретном озере и заболевшего странным недугом, девочка-подросток обращается за помощью в "Бюро по надзору за нечистой силой".А вы помните свою первую любовь?...
Читать онлайн
Жизнь – это промежуток времени, за который человек оставляет частичку себя в окружающем мире. Так считает автор данного сборника стихов и песен. Поэтому он очень надеется, что эти произведения оставят в душе читателя только теплые чувства и незабываемые впечатления!...
Читать онлайн
«…Она не умрет с закрытыми глазами, она хочет увидеть, кого из неверных она унесет с собой и положит к ногам Мусы.Зара открыла глаза.И наткнулась на прямой – в упор – детский взгляд. Это на противоположной скамье, на руках у ее двадцатилетней русской сверстницы сидела семимесячная девочка и в упор, таким прямым, какой бывает только у младенцев, взглядом рассматривала Зару…»...
Читать онлайн
«Сначала была кромешная тьма.Потом в этой кромешной тьме возник какой-то звук – прерывистый и едва слышный. Словно морзянка.И она полетела на этот звук…И вот уже мелькают мимо нее всякие звезды и планеты, а она все несется по Млечному Пути на этот тихий звуковой сигнал…»...
Читать онлайн